Қиарыстанова Гүлжан Қанатқызы, 1996 жылы 4 қыркүйекте Абай облысы, Мақаншы ауданы, Қайыңды ауылында дүниеге келген.
2018-2022 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті филология факульткетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын тәмәмдады.
2022-2024 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде оқып, педагогика ғылымдарының магистрі болды.
Қазіргі таңда Астана қаласындағы А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ғылыми қызметкері және аға оқытушысы.
Гүлжан Қанатқызы бала күнінен поэзия, проза бағытында қалам тербеп жүр. Бірқатар өлеңдері «Әдебиет порталында» жарияланған. Сондай-ақ түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Соның бірқатары, 2024 жылы «Аманат» партиясы ұйымдастырған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауынан «Проза» аталымы бойынша 1-ші орын, 2025 жылы «Жас қаламгер» Астана қалалық байқауында 3-орын алды.