Бодаухан Тоқанұлы 1949 жылы Моңғолияда дүниеге келген. Моңғолия мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1976 жылдан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында баспасөз, ақпарат ұйымының бастығы, радиохабар редакциясында тілші, редактор, бас редактор қызметтерін 2004 жылға дейін атқарған. Моңғолия Жазушылар одағының және журналистер одағының мүшесі. «Рауан», «Жүрек үлпілі», «Қайран да қайран қайран ел» секілді бірнеше жыр жинақтарының авторы. Моңғолияның ақын, жазушыларының көптеген шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Сондай-ақ, Әбілғазы баһадүрдің «Түрік шежіресі» кітабын, Күлтегін, Білге қаған, Тұй-ұқық (Тоныкөк) құлпытастарындағы көне түрік жазулары мәтіндерін моңғол тіліне аударып бастырған. Моңғолияның мерекелік медалдарымен және радио-телевидение және баспасөз қызметінің үздігі белгісімен марапатталған.
2004 жылдың қазан айынан бері «Дидар» газетінде тілші болып қызмет атқарып келеді.