Бекзат Алтынбек
Бекзат Алтынбек

Бекзат АЛТЫНБЕК 1993 жылы 30 желтоқсанда Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің түлегі.2012 жылы жас прозашылардың арасында өткен Ғ.Мұстафин атындағы облыстық бәйгеде «Нағыз дос туралы аңыз» атты повесі «Жанрлық ізденіс» номинациясында үздік деп танылды. 2013 жылы филология факультетінде Құрбан айтқа орай ұйымдастырылған, 2017 жылы М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына арналған Қарағанды қаласының жастары арасындағы проза бәйгелерінің жеңімпазы. Әңгімелері мерзімді басылым беттерінде, сайттарда жарық көріп тұрады.Қазіргі уақытта Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жетекші маманы.

TOP-АВТОР