Ардақ Құрманғалиқызы ҚОНАҚБАЕВА 1958 жылы 23 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз кеңшарында дүниеге келген.
1976 жылы Айшуақ орта мектебін бітірген.
1985 жж Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының кино факуьтетін тәмамдаған. Республикалық «Жаңа фильм-Новый фильм» журналында редактор, аға редактор, «Ара-Шмель» журналында арнаулы тілші, «Мәдениет-культура» апталығында театр және кино бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен.
1999 жылдан бастап «Ақтөбе» облыстық газетінде тілшілік қызмет атқарды.
Облыс және қала әкімі сыйлықтарының лауреаты.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
«Үрит, соқ!» (2015 жылы), «Атақ қумаған таланттар» (2013 жылы) сатиралық кітаптарының авторы.
Қазір Ақтөбеде мәдениет саласында қызмет жасайды.