Алишер Рахат
Алишер Рахат

Алишер Рахат (Айтуар) – 1995 жылы 11-қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «кинотеледраматургия» мамандығын бітірген. Д.Исабеков, С.Балғабаев секілді Қазақстанға еңбегі сіңген жазушылардан тәлім алған.

Шығармашылық жетістіктері:

·        «Жалғыздың жары» драмасымен Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры жас драматургтер арасында өткізген конкурсының жеңімпазы атанды. (2015 жыл)

·        «Жалған мен шындық» пьесасы Өскемен қалалық діни басқармасының ұйымдастыруымен «Терроризмге қарсы драмалық шығарма» конкурсының жеңімпазы атанды және Өскемен қаласының сахнасында қойылды. (2017 жыл)

·        2017 жылы «Тәуелсіздік толғауы» Республикалық конкурсының «отбасы құндылықтарын айшықтайтын ең үздік пьеса» номинациясының лауреаты. («Туған күніңмен, анашым» драма)

·        2018 жылы Талдықорған қаласындағы «Ел тарихы – Жер тарихы» республикалық драмалық шығармалар конкурсының үшінші орын иегері. («Жалған мен Шындық» драма»)

·        2018 жылы «Драма.Кз» заманауи драматургия фестивалінде шорт-листіне кірді. («Туған күніңмен, анашым» драма)

TOP-АВТОР