Аскерхан Хуанбайұлы Ақтай - 1974-жылы 22 қарашада Монғолия Ұлысы Баян-Өлгий аймағы Улаанхус сұмыны Белқұдық өлкесінде туған .
1983-93 жылдары М.Зайсанов атындағы Қызылқайың орта мектебін бітірген. Қазақстанның және Моңғолияның жоғарғы оқу орындарында білім алған. Орта мектеп қабырғасынан әдебиетке құштар болды.
Аскерхан Ақтай «Ер жеңісі-Ел жеңісі» республикалық жыр сайысын бас жүлдесін, (2012 жыл Астана) Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына арналған жыр сайысынан жүлделі орынын (2013 Семей), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешіті өткізген республикалық «Дінім-діңгегім» жыр мүшайрасының бас жүлдесін (2014 Қостанай), Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл толуына арналған халықаралық «Ел қорғаны-Ер Жәнібек» жыр бәйгесінің 3-орын жүлдесін (2014 Астана), Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қамшы» қоры ұйымдастырған республикалық шығармашылық бәйгесінің «Үздік поэзия» номинациясынан 2-орын жүлдесін (2015 Алматы), «Дарабоз» байқауының арнайы сыйлығын (2015 Алматы) , Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлытау ұлағаты-ұлт мұраты» бас жыр мүшайрасының бас жүлдесін (2015 Астана), Зуқа батырдың туғанына 150 жылдығына арналған республикалық мүшәйрасының жүлдесін, (Астана 2016), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өкілдігі жариялаған «Бағытым Ислам, Бақытым Тәуелсіздік» жыр бәйгесінің (Өскемен 2016 ж) бас жүлдесін жеңіп алған.Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің 85 жылдығына арнаған облыстық мүшәйраның 2-орын иеленген. (Өскемен 2016 ж)
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ауыл» республикалық халықтық демократиялық патриоттар партиясының жариялаған республикалық «Ауылым-алтын тұғырым» шығармашылық байқауында «Ең үздік драма» номинациясы бойынша «Отың өшпейді» атты пьессасы 3-орын иеленген. (Астана 2016 ж).
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Республикалық патриоттық, әдеби-танымдық «Ұлт болмысы» журналы мен Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бірлесіп, «Ұлт болмысы» журналының 5 жылдығына орай, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап «Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым!» атты поэзия және проза жанрлары бойынша қаламгерлер арасында республикалық жабық байқауда поэзия номинациясы бойынша 2-орынға ие болды.(Алматы 2016)
. «Қызылқайың өлкесінің мәртебелі азаматы.
«Отың өшпейді, Әке», «Жылқышы бидің аманаты», «Жатбауыр», «Көшім хан-Сүзге сұлуқатарлы драмалардың авторы. Қазақ хандығының 550 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.
«Қызылқайың өлкесінің мәртебелі азаматы»
«Зүбәржаттың жарқылы» жыр кітабы 150 беттен тұрады. Жинақта патриоттық толғаулар, жырлар, туған жер туралы өлеңдер мен сезім пернесін шерткен лирикалық өлеңдері енген.