Әнуар Омар «Вечерняя Астана», «Литер», «Республика. KZ», газеттерінде, «Астана» журналында журналист, Бас редактордың орынбасары және «На страже» газетінде Бас редактор қызметтерін атқара жүріп, поэзиядан қол үзбей үнемі терең мағыналы өлеңдерімен оқырмандарын сусындатудан танбады.
2009 жылы шыққан «Шаги проникновения» атты тұңғыш жыр жинағы оқырмандардың үлкен сұранысына ие болған еді.
Әнуар Омар Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты (2004; 2007), Абай клубының лауреаты әрі мүшесі, Академиялық кітапхана жанындағы жас ақындар клубының жетекшісі ретінде қоғамдық өмірде де белсенді болды.
Екінші жыр жинағын баспаға әзірлеп, шығармашылығының шарықтайтын шағында кенеттен көз жұмуы тек туған-туысқандарына ғана емес, қазақстандық әдебиетке де ауыр қаза.