Әли Бектаев
Әли Бектаев

Әли Бектаев - 1962 жылы 20 сәуірде Оңтүстік-Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңа Базар ауылында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы:

1984 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын тамамдаған. Инженер-механик.

1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген(КИМЭП).Саясаттанушы. 


Еңбек жолы:

1984-1985 жылдары - Ленгер ауданы, Сейфуллин атындағы колхоздың бас инженері;

1985-1987 жылдары -  Қазақстан ЛКЖО, Сайрам аудандық комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары;

1987-1989 жылдары -  Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы;

1989-1990 жылдары - Сайрам ауданы, Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы;

1990-1991 жылдары -  Ташкент, Алматы жоғарғы партия мектебінің және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының тыңдаушысы;

1991 жылы -  Шымкент облыстық партия комитетінің кеңесшісі;

1991-1992 жылдары -  «Қазығұрт ЛТД» ӨКФ бас директорының орынбасары;

1992-1994 жылдары - Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;

1994-1999 жылдары  -  ОҚО Жастар ісі, Туризм және спорт басқармасының  басшысы;

1999 жылы -  Оңтүстік-Қазақстан облысының, мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы;

1999-2000 жылдары -  Оңтүстік-Қазақстан облысы сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы;

2000-2002 жылдары -  Қазығұрт ауданының әкімі;

2002-2006 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2006-2008 жылдары - Түркістан қаласының әкімі;

2008-2014 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып сайланды;

2014-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі;  

2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін  Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2015 жылдың қыркүйегінен бастап – «Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының төрағасы.  



TOP-АВТОР