Әбдірахым Пратов
Әбдірахым Пратов

Әбдірахым Пратов 1955 жылы 25 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. 2003 жылдан бері өзбек тілінде балалар мен жасөспірімдердің «Бойчечак», «Камалак» журналдарын және «Адабиет ва саньат» газетін шығарып, редакторлық етіп келеді.


1987–1990 жж. Ташкент қаласындағы «Жас гвардия» баспасынан шыққан «Жастар дауысы» атты көркем әдеби жинаққа біраз шығармалары енді. 1999 жылы «Туран чечаклари», 2000 жылы «Қанат қақты», 2001 жылғы «Тойана», 2003 жылы «Чачма гулдастаси» жинақтарында өлеңдері мен әңгімелері жарық көрді. 2001 жылы Алматыдағы «Дала» баспасынан «Уз дунием бор» атты өлеңдер жинағы шықты.


TOP-АВТОР