Әбдікәрім Рахманов
Әбдікәрім Рахманов

Әбдікәрім Рахманов (1932-1990) ҚХР-ның Шушек қаласында туған. 1950 жылы педагогикалық училищені бітіріп, 1962 жылға дейін мұғалім болып жұмыс істейді. 1954–1959 жылдары Шыңжаң институтының филология факультетінде оқиды. 1962 жылы Қазақстанға көшіп келеді. 1962 жылдан Семей облысы Аягөз ауданында жұмысшы, клуб меңгерушісі, 1965–1972 жылдары аудандық «Жаңа өмір» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1972 жылдан Алматы қаласындағы Орталық музейде ғылыми қызметкер, 1974–1975 жылдары «Мектеп» баспасында, газетте редактор, радиода тілші, 1978 жылдан «Біздің Отан», «Шалқар», «Ұйғыр авази» газеттерінде тілші қызметтерін атқарған. 1974 жылы «Ветер караванов» атты алғашқы пьесасы Жетісай қаласының драма театрында сахналанды. Содан кейін Шымкент қаласында «Ақын аманаты» пьесасы, Талдықорған қаласында «Опасыздық ойраны» атты пьесасы қойылды.


TOP-АВТОР