Әбдікәрім Ахметов
Әбдікәрім Ахметов

Әбдікәрім Ахметов (1924–1983) - 15 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Көктөбе деген ауылында туған. Орта мектептен кейін Жосалы темір жол зауытында темір ұстасының балғашысы, аудандық қаржы бөлімінде есепшікассир болып қызмет істейді. Лепсі педагогикалық училищесін бітірген. Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыған. Ұзақ жылдар (1943–1950) әскер қатарында қызмет еткен ол, әуелі қатардағы жауынгер, кіші командир болды.

1946 жылы Харьковтың әскеримедициналық училищесін бітірген соң, Германиядағы кеңестік қарулы күштер сапында, шекара округінде офицерлік қызмет атқарады. Елге оралған соң «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), Павлодар облыстық «Қызыл ту» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан және Семей облыстарындағы бөлімшелерінде, көркем әдебиет баспасында істейді. Көп жыл бойы «Жазушы» баспасында аға редактор болды. Бірнеше жауынгерлікәскери медальдармен марапатталып, «Баспа озаты» деген құрметті атақ берілген.

Л.Украинканың, С.Маршактың, Э.Межелайтистің, Г.Зелинскийдің, В.Федоровтың, Ю.Тувимнің шығармаларын аударған.

1973 жылы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ ақынның таңдамалы толғаулары мен дастанын қысқаша жырлап, жеке кітап етіп шығарды.

Шығармалары: Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Халықбек. Ертегі. А., ҚМКӘБ, 1953; Екінші дәптер. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Нан туралы сөз. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1957; Өшпеген жалын. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1959; Телефон. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961; Толқындағы өмір. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1962; Салқын самал. Өлеңдер А., «Жазушы», 1966; Көктөбе. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Ашық аспан. Өлеңдер, ертегілер және поэмалар. А., «Жазушы», 1971; Жерұйық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Тыраутырау тырналар. Өлеңдер, ертегіаңыздар және поэма. А., «Жазушы», 1974; Маржандария. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976; Жапырақ жарған шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Кеш жарық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Көзайым. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1982; Зейнет. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984.


TOP-АВТОР