Қалқаман Сарин
Қалқаман Сарин

Қалқаман Айымғазыұлы Сарин (1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген) - ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Шалқар радиосының директоры.

  • 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетін тәмамдаған.
  • 1998 - 2008 ж.ж. – ҚазҰМА әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы.
  • 2012-2014 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, тарих ғылымдарының магистрі.
  • 2014-2015 ж.ж. - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті ректорының кеңесшісі.
  • 2013-2015 ж.ж. – «Астана» телеарнасында «Кеш емес» саяси-әлеуметтік ток-шоудың жүргізушісі.
  • 2008 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының аға-оқытушысы.
  • 2016 жылдан ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы жанынан құрылған «Атамекен» пікірсайыс клубының жетекшісі.
  • 2016 жылдан бастап «Қазақстан» Ұлттық арнасы «Ой-толғау» танымдық бағдарламасының жүргізушісі.
  • 2012 жыл Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
  • 2015 жыл «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясы мүшесі.

Жетістіктері

  • 2008 ж. Республикалық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты.
  • 2009 ж. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 30 тамыз – Конституция күніне орай өткізілген республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы.
  • 2010 ж. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті ұйымдастырған «Туған тілім – тұғырым» атты халықаралық мүшәйраның жүлдегері.
  • 2010 ж. «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жүлдегері.
  • 2012 ж. ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
  • 2015 ж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты.

Шығармашылығы

«Арманымның бейнесі» жыр жинағы (Астана, «Нұра Астана» баспасы, 2011).
«Жібек сезім – Жүрек сөзім» үнтаспа жинағы (Алматы, «ЕЛ» продюсерлік орталығы, 2011).
«Құс жолындағы керуен» (Астана, «Профи Медиа» баспасы, 2014) жыр жинақтарының авторы.
2011 жыл 2-ші қараша - Астана қаласы Конгресс-холл сарайында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Арманымның бейнесі» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті.


TOP-АВТОР