1963 жылы 29 наурызда Қытайдың Шынжаң өлкесі Алтай аймағындағы Көктоғай ауданының Қарабұлғын ауылында туған. Шынжаң Педагогикалық институтының Қытай тілі факультетін тәмамдаған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2012 ж.).
Моңғолия Жазушылар одағының «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты (2017 ж.).
«Ерен еңбегі үшін» (2015 ж.) медалінің, «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» (2013 ж.), TURKSOY- дің «Халдұн Танер» атындағы медалінің иегері(2016 ж.).
Әлемдік Өнер және мәдениет академиясының академигі (2017ж.).
Республикалық «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Мерей» баспасының директоры.
«Шерлі домбыра» (1997 ж.), «Өмір-ай!...» (2003ж.), «Тоқинақ» (2003ж.), «Ақ кербез» (2011ж.), «Үш тоғыс» (2013ж.) қатарлы кітаптары жарық көрген.