Хафиз Хорезм
Хафиз Хорезм

Хафиз Хорезми (шын есімі – Абдулрахим) XIV ғасырдың екінші жартысында Хорезмде дүниеге келген. XV ғасырдың 30-40 жылдары Шираз қаласында дүниеден өткен. Көне өзбек тіліне үлкен үлес қосқан. Жастық шағы Хорезм шаһарында өтті. Мұндағы тыныштықсыз күндердің әсерінен XIV ғасырдың соңында туған отанын тастап кетуге мәжбүр болады. Самарқанд, Бұхара, Хожанд, Ирак, Қырым, Исфахан, Тебризде болып, Ширазды мекендейді. Ибрахим Султанның сарайына жақын болған. Хафиз Ширази өлеңдеріне құрметпен қарап, оның шығармаларын өзбек шериятына алып келген. Өзбек халқын Ширази шығармаларымен табыстыру ниетімен «Хафиз» лақабатын таңдаған. Хафиз Хорезми һәм өз заманында адамдықтың жаршысы, ізгілікті Хафиз Ширази, Жәми, Навои сынды діни көзқарастағы өкілдерінің бірі. Өлеңдерінде Мансұр Халлажды терең құрметпен тілге тиек етеді. Хафиз Хорезми түркі тілінде бай әдеби мұра қалдырған. Өлеңдерінен диуан түзген. Диуан - жинақ, топтама мағынасында. Диуанында 1052 ғазал, 9 қасида һәм муқаммас, аударма, зерттеулер мен рубаидан бөлек 37264 жолдан тұратын шері бар. Өлеңде инсан (адам) бақыт-саулығы, еркіндігі, дүнияуи махаббаты ашық айтылған. Заманасындағы түрлі оқиғалар, ашық көрсетілген. Шерлері (өлеңдері) мазмұн-мағынасының кеңдігі, пәлсапасының тереңдігі, инсанпәруарлық рухы, жан-жақтылығымен ерекшеленіп тұрады. Тілі таза, жеңіл, халық тіліне жақын, Хорезм сарынына һас сөздер көп кездеседі. Диуанының XV ғасырдың 30 жылдарындағы көшірмелері Үндістанның Хайдарабад шаһарының Саларджанг мұражайының кітапханасында. Ал, фотнұсқасы Өзбекстан Ғылым академиясының шығыстану институтында сақталған.

TOP-АВТОР