Толқын Қабылша
Толқын Қабылша

Толқын  Қабылша  Шахарбекқызы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Шабыт» Халықаралық шығармашылық фестивалінің  жүлдегері. Аудармашы. «Жаныммен жалғыз кешкем мұң», «Жаңбырдағы  сағыныш», «Осы бір сәт ұнайды», «Біз екеуміз ұқсаймыз» жыр кітаптарының авторы. «Абай»  телеарнасындағы зерттеушілік бағыттағы «Тағдырлы  туынды»  циклді  деректі фильмдерінің  авторы.

Хабар агенттігі «Еларна» телеканалында «Өмір-Өлең» поэтикалық бағдарламасының, «Тағдыр жолы» деректі фильмдерінің авторы  әрі  жүргізушісі.Қазақстан Журналистер одағының  мүшесі.

ҚР Ақпарат саласының үздігі.

Орыс  әдебиетінің  өкілдері Анна  Ахматова, Инга  Кузнецованың,  Әзірбайжан ақыны Рамиз  Кусарчайлы, испандық белгілі қаламгер Хусто Хорхе Падронның жырларын, Якут ақындары Елизавета Мигалкина, Наталья Харлампьева, Гаврил Андросовтың  өлеңдерін  қазақ  тіліне  аударған.  

 Түркітілдес Жазушылар Одағының «Тұран бірлігі» медалі ,«Қорқыт ата» төсбелгісімен  марапатталған.

Республикалық «Үркер» әдеби сыйлығының поэзия номинациясы   бойынша Гран-Прий  иегері

Әзірбайжан Жазушылар Одағының «Құрмет» дипломымен,

Түркия Әдебиетшілер ұйымының «Достық» белгісімен марапатталған.

 

 «Қайырымдылық  керуені» Республикалық  байқауының  Гран-Прий иегері

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің «Құрмет» грамотасы

«Қазақстан» ұлттық арнасының  телевизия  саласындағы мінсіз қызметі  үшін «Құрмет» белгісімен, «Хабар» агентігі АҚ-ның «Үздік журналист» номинациясымен  марапатталған.

Астана қаласында тұрады.

         Шығармашылық  кештері

  • «Ғұмыр, саған, ғашықпын!» 2013 жыл
  • «Туған ел – менің тұмарым!» 2018 жыл
TOP-АВТОР