Талғат Тілеулесов
Талғат Тілеулесов

Талғат Тілеулесов – Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында 23.03.1970 жылы дүниеге келген. ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, сазгер. «Сағындым сені», «Жыр – Ғұмыр» кітаптарының авторы. «Бегім ана», «Жанқожа батыр» жырларын жазған. «Бегім ана» жыры Қазақстан Республикасы Мәдениет министірлігі Тіл комитетінің тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Халық жыры» кітабына шықты.Өлеңдері Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» және облыстық газеттерге жарияланып тұрады. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бөлім меңгерушісі болып қызмет жасайды.

TOP-АВТОР