Серік СЕЙІТМАН 1982 жылы 6 қаңтарда ОҚО Отырар ауданында туған. 2003 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін, 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын бітірді.
2006 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, шолушы, «Руханият» бас редакциясы Бас редакторының орынбасары, «Шалқар» ұлттық радиосының Бас редакторы, Қазақ радиосының директоры, «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
«Қырсық қызға қолтаңба», «Қазақтың қаны», «Қарашаңырақ» атты жыр жинақтары жарық көрген. Сондай-ақ, «Домбыра» атты жыр кітабы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан.