Пышан Жәлмендеұлы (1884, Қаратал ауданы, Байшегір ауылы - 1921) - ақын, әнші. 18 жасында болыс болған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де ел басқарды. 1921 жылы жаламен абақтыға қамалып, өлім жазасына кесілді. Оның артында қалған сырлы, сазды әндері ел аузынан жиналып, нотаға түсірілген. ("Қайша", "Дүние-ай", "Ала қарға", "Қыз Балқия", "Дүние, шіркін, өтеді бір күн", "Әшіргүл-Зейнеп", т.б.) Сондай-ақ, абақтыда жатқанда айтқан "Баласы Жәлменденің Пышан едім", т.б. өлеңдері бар.
Талдықорған қаласындағы "Шәйқорған" деген жерге жерленген. 1995 жылы ұрпақтары Жәлменде мен Пышан болысқа ас берді.