Нұрислам Әбділ 1993 жылы Моңғолияның Бай-Өлке аймағында туған. 2006 жылы атажұрты Қазақстанға Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Қараөзек ауылына көшіп келген.
2007-2009 жылдары Ақмола облысы Бұланды ауданы, Қараөзек ауылындағы орта мектептің түлегі.
2009-2013 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде «Театр режиссері» мамандығы бойынша білім алған.
2013 жылғы Тараз қаласында өткен республикалық Бауыржан Момышұлы атындағы жыр мүшәрада 3-орынға ие болған.
2015 жылғы Көкшетау қаласында өткен аймақтық «Алғыс айтам халқыма» атты айтыстың бас жүлдегері.
2016 жылғы Көкшетау қаласында өткен жекпе-жек айтыста 1-орын «Шал ақын» атындағы сыйлықтың иегері.
2013-2017 жылдары Астана қаласындағы Қазақ ҰӨУ-інде көрнекті театртанушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әшірбек Сығайдың шеберханасында «Театртану» мамандығын оқыған.
2017 жылғы Астана қаласында Ауыл партиясы ұйымдастырған «Ауылым алтын тұғырым» атты халықаралық әдеби байқауда драматургия аталымы бойынша қазақтың тұңғыш драматургі «Қошке Кемеңгерұлы» атындағы арнайы жүлденің иегері.
2018 жылғы Көкшетау қаласында өткен Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай «Арқаның ақиығы-Ақан сері» атты республикалық айтыстың 2-орын иегері.
Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы термешілер одағының мүшесі. Облыстық, республикалық айтыстардың жеңімпазы. Өлеңдері Ақмола облыстық «Тәуелсіздік - тағдырым» атты жас ақындар антологиясына енген. Мамандығы театртанушы болғандықтан, көптеген сыни, талдау мақалалардың авторы.