Лермонтов Михаил Юрьевич (15.10.1814, Мәскеу — 27.7.1841, Пятигорск) — орыс ақыны. 1828 — 30 ж. Мәскеу ақсүйектер пансионында тәрбиеленіп, 1830 — 32 ж. Мәскеу университетінде білім алған. 1834 — 37 ж. Гусар полкінде әскери қызметте болды. Тұңғыш өлеңдері мен поэмаларын пансионда оқып жүргенде жазған (“Черкестер”, “Кавказ тұтқыны”). 1837 ж. 1 ақпанда А.С. Пушкин қаза болғанда жазған “Ақын қазасы” атты өлеңі үшін қамауға алынып, Кавказға жер аударылды. 1841 ж. Пятигорск қаласында офицер Мартыновпен дуэлде мерт болды. Лермонтов орыс әдебиетінде Пушкиннің ізбасары ретінде танылды. Лермонтовтың “Періште”, “Желкен”, “Русалка”, “Бородино”, “Тұтқын”, “Дұға”, “Теректің сыйы”, “Пайғамбар”, т.б. лирик. өлеңдері; “Мцыри”, “Демон”, т.б. поэмалары, “Бір түрлі адам”, “Екі ағайынды”, “Маскарад”(өлеңмен жазылған) драмалары; “Біздің заманның қаһарманы” романы, т.б. повестері мен очерктері орыс әдебиетінің озық үлгілері болып саналады. Лермонтов өз шығармаларында 19 ғ-дағы орыс өмірін, қала мен дала адамдарын, әскерлер, зиялылар, шаруалар өмірін, өзге халықтар тағдырын көрсетті. Орыс, кавказ, түркі халықтары тарихы мен фольклорының сюжеттерін шығармаларында ұтымды пайдаланды. Лермонтов шығармаларын І.Жансүгіров, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, т.б. көптеген ақындар қазақ тіліне аударды.
Абай ұлы ақынның, тіпті сол көздегі орыс қауымының тілек-талабын, мұңын ұға алды. Ол мұңын ұққан халықтың жырын да үқты. Лермонтовтың ыза-кегі, наразылығы орыс халқының, eзілген қауымның кегін, наразылығын танытатынын, оның қайғы-мұңы, налуынан ел мұңы, халық мұңы көрінетінін сөзінді. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен», «Mыңмен жалғыз алысқан» ақын өзі де ашу-кекті, ызаны «жалын мен оттан жаралған» жырларына нәр еткен-ді. Оның «қаны қара бір жанмын, жаныжара» деп ашулы мұң шерткені де белгілі. Лермонтовты ол «ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған ақын» деп, өте-мөте іш тартып, жақын көрді. Абайдың ұлылығы алдымен лирикалық поэзиядан анық көрінетіні айрықша дәлелдеуді қажет етпейді. Абай қазақ әдебиетіне, поэзиясына лирикалық шығармалардың бұрын орын теппеген, таралмаған жаңа турлерін енгізді десек, соның ішінен адамның жан дұниесін суреттейтін өлең-жырлар, ақындық өнерді, оның қоғамдық мәнін айқындайтын, табиғатты суреттейтін өлеңдер тобын еске алуымызға болар еді. Осы шығармалардың мүлде әдеби дәстур орнықтырғандығы айқын-ақ. Әрине, қанша тың, соны керінгенімен, бұлар қазақ топырағында туған жаңалық. Халықтың өлең-жыр теңізіне терең бойлап қана өскен жеміс. Сонымен бірге олардың ішінде сурет-теуәдісі, тәсілі жағынан орыс классик. әдебиетінің ұздік туындыларымен, Пушкин, Лермонтов шығармаларымен жақын, үйлес шығатындары аз емес екеніне де талас жоқ. Абайдың Лермонтовтан дәлме-дәл, өте жақын аударған өлеңдерінен де («Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Альбомға» т. б.) орыс ақынының ой-пікірлері оған да бөтен еместігі айқын сезіледі. Сонымен қатар ол Л. шығармаларын қазақ өміріне жанастыра қабылдауды шет көрмеген. Абай Лермонтовтың «Ой» атты өлеңін аударғанда, бұл жұрт көңілде сенім жоқтықтан білген білімді іске жарата алмай отыр деген пікірді өзгертіп, сол кездегі қазақ жағдайына ыңғайлап: «Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ, Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды...»,- деп кетеді.
Мұндайда Абайдың Лермонтов өлеңінің мазмұнын бастан-аяқ бұлжытпай дәл жеткізуді мақсат етпей, кейде толғанып, тебіреніп жарыса отыратыны көзге түседі. Сондықтан оның кейбір аудармасы өзінің қолтума өлеңіндей болып шыққан. Абай аударып қазақ арасына кең таратқан Лермонтов шығарма- лары қатарында сондай-ақ «Қанжар», «Жартас», «Жалау»,«Теректің сыйы», «Күнді уақыт итеріп», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Асау той, тентек жиын опыр-топыр», «Тұтқындағы батыр» сияқты бірнеше өлең бар. Абай «Бородиноны» да аударған (түтас келіпжетпеген). Көңіл аударарлық біржай - Лермонтов осы өлеңін 1837 ж. 1812 жылғы Отан соғысының 25 жылдық мерекесі тұсында жазса, Абай оны 1882 ж., яғни Ресей осы ұлы шайқастың 70 жылдығын атап өтер көзеңдеаударды. Осыдан-ақ бұл өлеңге Абайдың көздейсоқ кеңіл бұрмағаны, сол зор оқиғаның тарихи мәнін терең тұсініп, жете тексеріп біліп ба- рып үн қосқаны айқын болады. Абай орыс ақынының өлең-жырларын ғана аударып қойған жоқ, сонымен бірге дастандарын («Демон», «Исповедь»), прозалық шығармаларын («Вадим») аударуға да баса көңіл бөлді. Лермонтов шығармаларын игеру нәтижесінде Абай поэ- зиясының тынысы кеңейіп, жаңа дәстүр тауып,