Мейірхан Ақдәулетұлы 1951 жылы 10 тамызда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1981 жылы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдаған. «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры, ақын, журналист.
Еңбек жолын шопандықтан бастап, тракторшы, Қарабұтақ ауданы комсомол комитетінде қызметкер, «Жаңа өмір» газетінде тілші, «Пионер» журналында аға редактор, «Арай-Заря» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Қаржы-Қаражат» баспасының бас редакторы, «Дәуір-Время» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Алтын Орда» газетінің бас редакторы (1981-2004), 2004 жылдың қараша айынан бастап ЖШС «Шамшырақ» директоры. 2001 жылдың сәуір айынан «Отан» партиясы Саяси Кеңесінің мүшесі. «Бастау» (1980), «Шырақ ғұмыр» (1984), «Жалғыз досым - жүрегім» (1990), «Дәруішнама» (1996) кітаптарының авторы.