Мақпал Жұмабай
Мақпал Жұмабай

Мақпал Жұмабай 1985 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Республикалық “Ана тілі” газетінде бөлім редакторы, “Қазақстан” ұлттық телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінде, “Балапан” телеарнасында шеф-редактор, продюсер қызметтерін атқарған.

Мемлекеттік “Дарын” Жастар сыйлығының лауреаты. ”Қырандар мен қазақтар” атты жыр жинағы жарық көрген.

Өлеңсүйер, өнерсүйер қауымға құлаққағыс ете отырып, «Мақпал шердің» авторы туралы оқырмандарға 8 дерек ұсынамыз.

1. Мақпал Жұмабай – ақын. Оның «Ана» атты өлеңін жақсы көрмейтін қазақ жоқ. «Мақпал шерге» дейін «Қырандар мен қазақтар» деген кітабы жарық көрген. 

2. Мақпал – әнші. Ол өзінің өлеңдерін оқымайды, орындайды. Оның мақамды жырларын естіген жұрт құлағымызға алыстан талып қобыздың үні келгендей болады деп баға береді. 

3. Мақпал – суретші. Ол өзінің «Мақпал шеріне» сурет салдыру үшін үш иллюстратормен жұмыс істейді. Алайда, олардың салған суреттері көңілінен шықпай, ақыры өзі сурет курсына қатысып, кітабының барлық суреттерін салып шығады. 

4. Мақпал – гитарашы. Ол мақамды жырларын гитарамен өзі сүйемелдейді. 

5. Мақпал – шебер аспаз. Құрбылары оның кез келген тамақты өте дәмді етіп дайындайтынын айтады. Әсіресе, балықтан жасалған тамақтарды жақсы пісіретін көрінеді. 

6. Мақпал – журналист. Ол алғашқы еңбек жолын 2003 жылдары «Ана тілі» газетінде, «Қазақстан», «Балапан» телеарналарында журналистік қызмет атқарған. 

7. Мақпал – әдеби менеджер. Ол – бүгінде Қазақстанның ашық кітапханасы www.kitap.kz сайтының бас редакторы әрі ұйымдастырушысы болды. Қазір "Балапан" арнасының директоры.

8. Мақпал – екі ұлдың анасы. Ақынның Рахман, Сауран атты екі ұлы бар.




TOP-АВТОР