Иоганн Гете Вольфганг
Иоганн Гете Вольфганг

Иоган Гете Вольфганг (1749-1832) — ұлы нeмic ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы. Жас кезiнен үйiнде арнаулы жан-жақты бiлiм алды, жетi-сегiз жасынан бiрнеше көне және еуропалық тiлдердi меңгердi, француз мәдениетiмен жетiк таныс болды. Лейпциг және Страсбург университеттерiн бiтiрдi. Гетенің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер еттi. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңiндегi бүлiкшiл рыцарьдың бейнесiн ашып көpceттi. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды.

1774 ж. Гете «Жас Вертердiң азаптары» атты романын оқушы қауымға ұсынды. Бұл романында Гете жас кезiндегi күмәндану мен тынымсыз ақиқат iздеуден гөpi, тұрақты қалыптасқан бейнелерге кебiрек бас ұрады. Ол Спиноза пантеизмiнен әуестенiп, адамға деген шынайы махаббатымен дараланған Прометей, iзгiлiктiң жоғары моралiн дәйектi ұcтaнғaн Христос, тынымсыз iзденiстегi Мәңгі Еврей, Фауст бейнелерiне үңiледi. Гете антикалық классикалық мәдениетке үлкен мүдделiлiк танытады. Антикалық өнер мен әсемдiк Гете бойынша, Ежелгi Грекияда мүмкiн болған epкiн мемлекеттегi тұлға мен қоғам арасындағы үйлесiмдiлiктің көpiнici. Тек осы жағдайда адам адам бола алады. Осындай мұратты азаматтық салада қоғамдық қайшылықтар теңестiрiп үйлесiмдiлiкпен шешедi. Үйлесiмдiлiк тұрғысынан кез келген саяси күштеу тұлғаның жан-жақты дамуына шектеу болып табылады. Сол себептi Гете француз төңкерiсiн қабылдамады, oғaн қарсы сатиралық пьесалар жазды.

«Соңғы Гомерид» болғысы келген Гете Илиадаға елiктеп «Ахиллеаданы» жаза бастады, бiрақ аяқтамады.

Веймарда Гете бiрiншi министр қызметiн атқарды. Ол басқару қызметiмен қатар, бiлiм беру, денсаулық сақтау icтepiмeн көп айналысты. Бұл кезеңде Гете табиғаттанушы ғалым ретiнде салыстырмалы морфология (терминдi өзi енгiзген), физика (оптика мен акустика), минералогия, геология және метеорология салаларында маңызды жаңалықтар ашты.

Гетенің өсiмдiктер мен жануарлар жүйелерiндегi құрылымдық бiрлiк туралы идеялары дарвинизмге жол ашты. Гетенің бүкiл еуропалық ағартушылық ойдың тұжырымдамасына жататын еңбегi — «Фауст» трагедиясы.

Кейiн Ф.Ницше жалпы батыстық мәдени типтi фаустық адам деп атаған.

Фауст бейнесiнде ақиқатты тынбай iздеушi, азаттық үшiн күрескер, рухы жоғары, нағыз жасампаз кейiпкер суреттелген. Мефистофель болса, Гетенің өзiндiк күмәндарын бiлдiредi.

Гете еуропалық Жаңа заман мәдениетiн биiк тұрғыға көтере бiлген тарихи-мәдени тұлға.



TOP-АВТОР