Гүлсім Сейілжанова
Гүлсім Сейілжанова

Гүлсім Сейілжанова (1924–2006) 8 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында туған.

1949 жылы Алматы санақ техникумын бітіреді. 1943–1951 жж. колхозда есеп қызметкері, бас бухгалтер, кітап дүкенінің директоры болды. 1952–1959 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының фольклор бөлімінде, 1959–1973 жж. республикалық Халық творчествосы үйінде қызмет еткен.


1957 жылдан бастап шығармалары баспасөзде жарияланып келді.

1970 жылы орыс тілінде шыққан «Көктем жаңбыры», 1981 жылы «Ғажайып бақ» атты қазақ ақын қыз-келіншектерінің жинағына бір топ өлеңі енді. Балаларға арналған «Біздің ауыл бақшасы» атты суретті кітапшасы жарық көрген.


Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Ана гүлі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Білезік. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Шалқыма. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Алқоңыр. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1975; Тау қызы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Сәуле. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Жүрегімнің айнасы. Өлеңдер, поэма. А., «Жазушы», 1986; Асу. Өлеңдер. А., 1995.


TOP-АВТОР