Гүлнар Салықбай
Гүлнар Салықбай

Гүлнар Салықбай 1963 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген. «Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан», «Түс», «Аспандағы аңсарым», «Кешіріңдер келгенімді өмірге» атты жыр жинақтарының авторы. Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Арай» - «Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет істеді. «Атамұра» баспасында редактор, «Алаш» баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио корпорациясында «Жан» бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор болды.






TOP-АВТОР