Герберт Генке
Герберт Генке

Герберт Генке (1913–1999) - 14 қазанда Ресейдің Житомир облысы, Ярунск ауданы, Анетал селосында туған.

1937 жылы Энгельс қаласындағы педагогика институтын тамамдайды. Содан кейін неміс тілінде шығатын журналдар мен газеттердің редакцияларында, Қазақ радиосында қызмет істеген.

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1935 жылы, «Фрау Волга» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1938 жылы жарық көрген. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Фрау Волга (неміс тілінде). М., «Правда» баспасы, 1938; Көктем (неміс тілінде). М., «Правда» баспасы, 1939; Бал мерекесі (неміс тілінде). А., «Қазақстан», 1967; Көгілдір жаңғырық (неміс тілінде). «Қазақстан», 1970; Алхорылар (неміс тілінде). А., «Қазақстан», 1973; Баспалдақ (орыс тілінде). Өлеңдер. А., «Жалын», 1985; Таңдамалы. Өлеңдер мен әңгімелер. А., 1988; «Круговорот». Стихи. А., 1990.


TOP-АВТОР