Владимир Шемшученко 1939 жылы 10 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Чистовский» кеңшарында туған.
1962 жылы Петропавл педагогикалық институтының тарих, әдебиет және тіл факультетін бітірген.
1962 жылдан Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленинское знамя» газеті редакциясында әуелі әдеби қызметкер, содан кейін әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеген. КСРО медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Новые стихи. Стихи. А.,»Жазушы», 1969; Костры земли. Стихи. А.,»Жазушы», 1974; Острова в степи. Стихи. А., «Жазушы», 1979; Второе зрение. Стихи. А., «Жазушы», 1983.