Валерий Михайлов 1946 жылы 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған.
Қазақ политехникалық институтының геофизика факультетін бітірген.
Республикалық газеттерде жұмыс істеген. 1997 жылдан «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болып қызмет еткен. 2003 жылдан бері «Простор» журналында бас редактор. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
Д.Досжановтың, Б.Мұқаевтың, т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған.
«Хроника великого джута» деректі повесі (1990, 1996), бірқатар очерктер жинағы, «Прямая речь» (1983), «Весть» (1994), «Немерцающий свет» (1996), «Ограда» (1999), «Молитвенный дым» (2003), «Колыбельная из-под небес» , «Молчун-трава», «Золотая дремота» (2005), «Пыльца», «Годовая свеча» (2006), «Русский хаос» (2007), «Паслён», «Тысячелетие другое», «Угол сердца» (2008) өлеңдер жинағы жарық көрген. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1987). Поэзия академиясының корреспондент-мүшесі (Москва). Өлеңдері «Антология русского лиризма. ХХ век» (Москва, 2000), «Антология русского зарубежья» (Москва, 2005), «Молитвы русских поэтов. ХІ-ХХІ вв.» (Москва, 2009) сияқты антологияларға енген.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденімен (1996), екі медальмен марапатталған.