Валентин Смирнов (1926–1994) 28 желтоқсанда Смоленск облысының Сычевка қаласында туған. Шахта құрылысы ұйымдарында проходчик, «Алтай-свинецшахтострой» тресінде комсорг, «Лениногорская правда» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген. Көп жылдар бойы республикалық «Ленинская смена», «Казахстанская правда» газеттерінде журналистік қызметте болды. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Таңдаулы өлеңдері М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институты шығаратын «Литературное наследство» жинағының 72-томына енген.
І.Жансүгіровтің, Т.Жароковтың, Қ.Сатыбалдиннің, Д.Әбілевтің, Қ.Бекхожиннің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударған.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Совет Армиясы мен флотының ХХХ жылдығы» медальдарымен марапатталған.
Шығармалары: Когда тебе двадцать. Стихи. А., «Жазушы», 1963; Новые стихи. А., «Жазушы», 1965; Новые стихи. А., «Жазушы», 1967; Снежные теоремы. Стихи. А., «Жазушы», 1969; Прикрой меня, пехота. Стихи. А., «Жазушы», 1978; Неповторимость перемен. Поэма, стихи. А., «Жазушы», 1982.