Бәкір Тәжібаев
Бәкір Тәжібаев

Бәкір Тәжібаев 1926 жылы 15 мамырда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ аулында туған. (8.11.1994, Алматы) Ақын, драматург, әнші. сазгер.

Алматы көркемсурет-театр училищесін бітірген (1950). 1950 - 1958 жылдары Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актер. 1958 - 1974 жылдары Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі. Алматы облысы халық шығармашылығы үйінің директоры. Қазақ театр қоғамында кеңесші-әдіскер болды.

1974 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған. "Қара торғай" тұңғыш жинағына (1967) новеллалары енген. "Сал сері-Қыз қосан" (1956), "Ана жүрегі (1960), "Қарагөз қарындасым" (Ж.Жұмақановпен бірге, 1962), "Ақтау әні" (1970) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев -"Қамар сұлу" операсы (Музыкасы Е.Рахмадиевтікі, 1963) либреттосының, 150-дей әннің авторы. Бірқатар әндері ("Жас дәурен", "Ақбұлақ", "Әппағым-ау, әппағым", "Гүлсің-ау", т.б.) Қытай, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т.б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды.

Шығармашылығы: Қара торғай. Новеллалар. А., 1967; Біздің Роза. Очерк. А„ 1969; Сахна жүлдыздары. Портреттер. А.,1977; Балбұлақ. Өлеңдер. А., 1969; Ән -дәурен. Өлендер. А., 1973; "Жүріп келем" Өлеңдер. А., 1976; "Дала жолдары" Өлеңдер. А., 1980; "Жыр - жолаушы"Өлендер. А., 1982; "Ақбұлақ" Өлеңдер. А.,1985.

TOP-АВТОР