Бүркіт Ысқақов (1924–1991)
4 қарашада Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Көкмөлдір деген жерде туған.
Қарағанды оқытушылар институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.
1942 жылы әскер қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, 1948–1951 жж. Қазақ КСР ҒА-ның аспирантурасында оқыды. Қарағанды облыстық газетінде әдеби қызметкер, республикалық «Пионер», «Білім және еңбек» («Зерде») журналдарында бөлім меңгерушісі, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
1969 жылдан М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып істеді. Филология ғылымдарының кандидаты.
Режиссер Ә.Хайдаров тұңғыш жасап шығарған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталатын мультфильмнің мәтінін жазған.
Онға жуық жыр жинақтардың авторы. А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.В.Маяковский, И.Франко, Н.Хикмет, С.Вургун, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударуға қатысқан. Бірнеше монографиялық еңбектер жазған.
Шығармалары: Сенің Отаның. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Кішкене театр. Мектеп сахнасына арналған пьесалар. А., ҚМКӘБ, 1959; Москваны тыңдаймын. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Өнерпаз болсаң… Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Кішкене көмекші. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1967; Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Өлеңдер, балладалар, ертегілер. А., «Жазушы», 1974; Қазақ-татар байланысы. Монография. А., «Ғылым», 1976; Жылдар жырлайды. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Шабыт шуағы. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1984; Жеткіншек. Өлеңдер мен дастандар. А., «Жалын», 1985; Қазақ және Еділ бойы халықтары әдебиеттерінің идеялық-творчестволық байланыстары. Монография. А., «Арыс», 2007.