Бекет Өтетілеуов
Бекет Өтетілеуов

1883 жылы бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіндегі Обаған ауданының бірінші ауылында (Қ|азіргі Қостанай облысының Обаған ауданындағы М.Ю. Лермонтов атындағы совхоз) орта шаруаның отбасында дүниеге келеді. 8-9 жасқа толғаннан кейін Бекет әкесінің шаруашылығына көмектесе бастайды және реті келгенде ауыл мұғалімдерінен сабақ та алып жүреді. Осылай сауатын ашқаннан кейін, ол 1897 жылы ауылдағы үш жылдық орыс мектебіне түсіп оқиды. 1901 жылы бұл мектепті бітіргеннен кейін қазіргі Меңдіғара ауданының орталығы Боровойдағы екі кластық мектепке түседі, бұдан кейін 1902 жылы Қостанайдың екі кластық, қазақ-орыс мектебіне ауысады. Мұны 1905 жылы бітірісімен Қостанайдағы оқытушылар даярлайтын мектепке түсіп, оны аяқтап шығады. Бекет Өтетілеуов өз өмірінің көптеген жемісті жылдарын халык ағарту және жастарға адамгершілік тәрбие мен білім беруге, надандықты, қараңғылықты жою күресіне арнады. Халык ағарту майданында ол бар ынта-талантымен еңбек етті.

Бекет Өтетілеуов ағарту ісіне шын беріле еңбек еткені соншалық - ол өзінің педагогикалық жұмыспен айналысқан кезінде бірнеше оқу құралы мен методикалық нұсқаулар да, көрнекті құралдар да жасады. «Дүние ісі ахиретке кетпес» (1912), «Жиған -терген» (1914), деген кітаптары жарық көрген. Бекет Өтетілеуов негізінен аудармашы. Ол И.А.Крылов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, В.А.Жуковский, А.Н.Плещев шығармаларын қазақша сөйлетті.

Дәуір әдебиетін іштей байытып, рухани түлететін жанр – аударма десек, Б.Өтетілеуовтың бұл саласындағы еңбегі елеулі.

Бекет Өтетілеуов 1949 жылы 9 маусымда қайтыс болды. Оның сүйегі өзінің туып-өскен жері Қараобада жерленді

TOP-АВТОР