Бақытжан Қанапиянов
Бақытжан Қанапиянов

Бақытжан Қанапиянов 1951 жылы 4 қазанда Көкшетау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын 1974 жылы бітіріп, Қазақ КСР ҒА жанындағы Металлургия және кен байыту институтында инженер болып істеген. Мәскеуде Жоғары әдеби курсты бітірген. «Жалын» баспасында аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. 1991 жылдан бері «Жібек жолы» баспа үйінің президенті. Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Простор» журналында басылған. Бірнеше жинақтардың авторы. Абай өлеңдерінің еркін аудармасын жасап, Жамбыл, Кенен дастандарын, «Қыз Жібек» эпосын орыс тіліне аударды.
1986 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998), Қазақстан Журналистер одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлығының иегері (1999), «Алтын лираның үміткері» атты Дүниежүзілік ақындар байқауының лауреаты (2003), Тәуелсіз Тарлан сыйлығының лауреаты (2003), Махамбет сыйлығының лауреаты (2003). Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). «Парасат» орденімен (2006), Қазақстан, Ресей, Украинаның медальдарымен, «Чернобыль апатына 20 жыл» құрмет белгісімен (Ресей, 2006 жыл) марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының (2005) лауреаты.
Шығармалары: Ночная прохлада. Стихи. А., «Жалын», 1977; Отражение. Стихи. А., «Жалын», 1979; Чувство мира. Стихи. А., «Жазушы», 1982; Ветвь. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985; Линия судьбы. А., «Жазушы», 1987; Аист над Припятью. Киев. «Молодь», 1989; Кочевая звезда. А., «Жазушы», 1991; Время тишины. Бостон (США), 1995; Над уровнем жизни. М., «Художественная литература», 1999; Тікшырқау. А., «Жібек жолы», 2000; Ландшафты. А., «Жібек жолы», 2001; Каникулы кочевья. А., «Жібек жолы», 2003; Плывут облака. М., «Русская книга», 2003; Новые стихи. А., «Жібек жолы», 2002; Смуглая луна. Өлеңдермен поэмалар. А., «Атамұра», 2005; Весы. Этюдтер, очерктер, мақалалар. А., «Жібек жолы», 2008; Тоғыз томдық шығармалар жинағы. А., «Жібек жолы», 2006–2009.
TOP-АВТОР