Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола обл. бұрынғы Көкшетау, Еңбекшілдер ауд. Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.
Әкесі Әлімжанов Тақан 1921-1996ж Ұлы Отан соғысының мүгедегі, соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан. Анасы Әбішева Бәтима 1918-1988ж. . Екеуі де зейнетке шыққанша кеңшарда жұмыс істеген.
Б.Әлімжанов Степняк қаласындағы Абай атындағы орта мектепті 1971ж., ҚазМУ-дың қазақ филология факультетін бітірген. 1977ж. 1987ж. дейін Алматы қаласында тұрған. Сәбит Мұқановтың мұражайында ғылыми қызметкер, »Лениншіл жас» қазіргі «Жас алаш» ,«Кітап жаршысы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде тілші, «Қазақфильм» киностудиясында деректі фильмдер мен хроника бөлімінің редакторы, «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында проза, сын бөлімдерінің редакторы болып қызмет істеген.
1987 жылы сырқаттанған ата-анасын күту үшін туған ауданының «Кеңащы» ауылына зайыбымен Әлия Бақышқызы Әлімжанова, 1962 ж. туған, медицина қызметкері. бірге көшіп келіп, 11 жыл ауылда тұрған Баянғали облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Еңбекшілдер, Уәлиханов, Щучье аудандары бойынша меншікті тілшісі, Еңбекшілдер аудандық мәдениет бөлімінде төкпе ақын болып жұмыс істеген. Ата-анасы қайтқаннан кейін, 1998ж. Көкшетау қаласына көшіп, 2001ж.дейін Шахмет Хұсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында сахна шебері болып қызмет атқарған.
2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін шығармашылық жұмыста.
2006 жылдан бері Паң Нұрмағамбет киностудиясының көркемдік жетекшісі. Астанада тұрады.
Балалары. Құралай- 1973ж. туған, Ақмарал- 1975ж, Ақкенже 1980ж. киноактриса.
Нұрлан- 1984ж. әнші, сазгер, киноактер.
Немерелері бар.
Шығармашылығы
1.Поэзия.
Баянғали Әлімжанов лирикалық, философиялық өлеңдер мен елуге тарта поэма, оқиғалы жырлардың авторы. «Қорасан қарақшының қолмергені», «Тәксидегі тағдырлар» , »Қиянатқа қарсылық», »Ғарыш қазағы», Тоқтар Әубәкіров туралы., »Жұмабек батырдың жұлдызы», Ж.Тәшенов туралы., »Олжабай батырдың өркені», »Гүлбанудың биіктігі», »Бекет атаның үйі», »Марал ишанның аманаты», »Өткеннің өнегесі», »Молда мен НКВД», »Әпшу мен аупартком», »Жел сыбырлаған шындық», т.б. Оның өлең-жырлары жеке кітап болып басылған »Ауылдың ақ самалы», »Аңыз бен аспан» ,»Өмірдің өзі», «Қиянатқа қарсылық «, «Қорасан қарақшының қолмергені», « Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің... Үш томдық шығармалар жинағының бірінші томы. « Ғарыш пен қазақ». , тарихи тұлғалар туралы көптеген жинақтарға енген және республикамыздың беделді журналдары »Аманат», »Жұлдыз», »Таң-Шолпан», »Дарабоз», »Жаңа Сарыарқа», »Көкшетау», »Қазақ тарихы», »География» журналдары, »Жидебай» альманағы. мен газеттерінде жарияланған. »Егемен Қазақстан», »Қазақ әдебиеті», »Ана тілі», «Жас алаш», »Заман Қазақстан», »Айқын», »Жас қазақ үні», »Алматы ақшамы», »Арқа ажары», »Жас Арай» т.б.
Б.Әлімжанов көптеген ән текстерін жазған. «Ғажайып күй» әні муз.Нұрлан Әлімжанов, орындайтын «Азия» тобы бүкіл елімізге әйгілі болды.
Б. Әлімжановтың балаларға арналған өлең-жырлары «Шыршадағы шытырман» деген атпен жеке кітап болып басылған.
2.Драматургия.
Баянғали Әлімжанов жиырмаға жуық пьесалардың,көптеген шағын сахналық шығармалардың авторы.
Комедиялар—«Құдалық», »Қожанасыр», »Қайран кемпір-шалдар-ай!», »Еркегі бар болғыр», »Қазақы сайлау» , » Қаптан шыққан қара қыз», «Суицид алаңынан репортаж».» Нова Лиза». 2016ж.
Драмалар—«Жас қазақ», »Ойран.секта. «Біржан салдың шідері», «Жар мен жарғы.»
Трагедия – «Дариға қыз»
Балаларға арналған пьеса—«Жолбарыс пен пони», »Алтын ноқта». »Жалмауызды жеңген бала», »Сырғанақ».
Ол Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын сахнаға лайықтап жазған.
Б.Әлімжановтың пьесалары Қазақтың мемлекеттік Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық жастар театрында, Ақмола, Павлодар, Семей, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Шымкент облыстық театрларында , Абай Абай ауд.ШҚО. Қорғалжын Ақмола обл. , Ақжайық БҚО., Аралағаш СҚО. , Дәнеш Рақышев атындағы Жаркент Алматы обл. халық театрларында сахналанған.
Пьесалардың біразы автордың «Жынды Қаратайдың қасіреті», »Ауылдың ақ самалы»,» Қиянатқа қарсылық» атты кітаптарына енген. Ал, »Қазақы сайлау» «Алаш үні» газетінің бес номеріне жарияланған. «Құдалық» «Сарыарқа» журналына, »Жас қазақ» «Көкшетау» журналына басылған.
«Құдалық» спектаклі Ақмола облыстық театрында 1998 жылдан бастап, үздіксіз он жыл бойы үлкен табыспен жүрген.режиссері Мұратбек Оспанов.
«Қайран кемпір-шалдар-ай!» Ақмола театрында 2002 жылдан реж.М.Оспанов, »Отыз тістен шыққан сөз» деген атпен., Семей театрында 2005 жылдан бері жүріп жатыр. реж.Қуат Сыздықов. Бұлардың бәрі де ең кассалы қойылым болды.
Сонымен қатар, 2014 жылы «Ойран» реж. Иманәлі Сапаров. Оңтүстік Қазақстан облыстық Ж. Шанин атындағы театрда, «Қаптан шыққан қара қыз « » Ең сұлуым – Меңсұлу» дегент атпен. «Жалмауызды жеңген бала», «Алтын ноқта» Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы театрда, « Біржан салдың шідері» реж. С. Шәймерденов. Ақмола облыстық Ш. Хұсайынов атындағы театрда сахналанып, жүріп жатыр.
3.Проза.
Баянғали Әлімжанов «Қиқыматтың хикаялары» 1982ж., »Қарасай батырдың тұқымының толғауы», »Жұлдыз» журналы, 1983ж. «Ұя» кітабы, 1985ж., «Қиқыматтың қиссасы» »Жұлдыз», 1989ж. атты сатиралық повестердің , ауыл өмірі туралы әңгімелердің авторы. Ол әңгімелер республикалық , облыстық газет-журналдарда, »Жынды Қаратайдың қасіреті», «Қиянатқа қарсылық» кітабында жарияланған.
Б.Әлімжанов 1932 жылғы трагедия туралы «Ашаршылық жылғы махаббат» атты киноповестің »Көкшетау» журналы, 2008 ж., »Жалмауызды жеңген бала» атты ертегі мен балаларға арналған әңгімелердің авторы.
Орыс тілінде жазған «Победа чемпиона Айхана» деген киноповесі
«Көкшетау» журналы 2013ж. № 4., балалар мен жасөспірімдерге арналған « Аблай хан и его батыры « атты повесть- аңызы «Көкшетау « журналы, №2 , 2014ж. « Разрешите жить» атты повесі « Көкшетау» журналы, №3, 2015ж. жарияланған. жарияланған. Орыс тілінде жазған «Доброжелательный Аскар» деген ертегісі республикалық «Дружные ребята» газетінің 2016 ж. маусым-шілде айларындағы бес санына тұтас жарияланды.
4.Айтыс.
Б.Әлімжанов 1984--2005ж. арасында 216 рет айтысқан, республикалық, облыстық деңгейлерде өткен айтулы тойлардың бәрінде дерлік өнер көрсетіп, жиырма екі рет бас жүлдеге ие болған; талай дүркін жүлдегер атанған. Қанжығалы Бөгенбай батырдың 300, Шұбыртпалы Ағыбайдың 190
және 200, ақын Сараның 115, Мағжан Жұмабаевтың 100 және 110, Ілияс Омаровтың 80, Көтібар Бәсенұлының 240, Есет Көтібарұлының 190, Тама Есет батырдың 325 жылдығына арналған айтыстардың, Сырым батырдың 250 жылдығына орай Ташкентте өткізілген Қазақстан - Өзбекстан , « Манас» жырының 1000 жылдығына орай Бішкекте өткізілген Қазақстан – Қырғызстан ақындары айтысының , Семей полигонының жабылуына арналған, « Невада Семей» қозғалысы аясында өткен Халықаралық акция айтысының жеңімпазы.
Оның айтыстары республикалық, облыстық теледидар мен радиодан үздіксіз беріліп, шетелге дейін таралды, газет,журналдарда, көптеген айтыс жинақтарында жарияланды.»Қазіргі айтыс»,1-том. Астана. «Алаш пен Манас. Қырық айтыс» деген атпен жеке кітап болып шықты. Новосибирск, 2004ж. 400 бет.. Ғалым, әдебиетшілердің зерттеу обьектісіне айналды, түрік және қырғыз тілдеріне аударылды.
Ақынның өмірдің түрлі жағдайларында тауып айтқан өткір сөздері, әзіл өлеңдері «Әзіл шуағы» Көкшетау, 2004ж. , «Деген екен» Новосибирск, 2005ж. 10 000дана. кітаптарына топтастырылып, көптеген республикалық, облыстық, аудандық газет, журналдар көшіріп жариялаған.
5. Жыршы-жырау.
Б.Әлімжанов « Қобыланды батыр», « Ер Тарғын», « Ер Тәуке»,« Арқалық батыр», « Жанақ пен Рүстем төре», « Сүйінбай мен Тезек төре», « Бақтыбай
мен Тезек төре», « Әсет пен Кемпірбай», « Өзім туралы» Қасым Аманжолов т.б қазақтың ескі жырларын көп жылдардан бері ел ішінде жырлап келеді. Мағжан Жұмабаевтың « Батыр Баян» поэмасын ең алғаш ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап жырлаған. Сонымен қатар өзінің « Байғозының жебесі» , « Балуан Шолақ пен Иманжүсіп», «Керей ер Жәнібектің көңілі мен көк дөнені» т.б. толғау, дастандарын жырлайды. 2001жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық «Ғасырлар үні» атты жыраулар конкурсының үшінші, 2003 жылы екінші жүлдегері. 2011ж. Өскеменде өткен республикалық конкурстың бірінші жүлдегері.
Тарақты Байғозы батырдың 300 жылдық (2005 ж. Қарағанды обл.), Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдық ( Павлодар , 2008 ж.) тойына арналған жыршы – жыраулар конкурсының Бас жүлдегері.
Баянғали орындаған жыр, дастандар Қазақ радиосы мен телеарналардың Алтын қорына жазылып,сақталуда. Аудио, видео дискілерге шыққан.
6.Манасшы.
Баянғали Әлімжанов қазақтан шыққан бірден-бір манасшы. Манастың мың жылдығына арналған Халықаралық манасшылар Қырғызстан, Бішкек 1995ж. конкурсына қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Әлем халықтары эпостарының Бірінші дүниежүзілік фестиваліне ( Бішкек,2006ж ), Түркі тілдес елдердің Халықаралық « Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық- музыкалық өнер фестиваліне ( Қызылорда 2006ж),
«Эпикалық мұра – Алтай елдерінің байырғы мәдениеті» атты халықаралық ғылыми – мәдени- творчестволық шараға ( Талас, Қырғызстан, 2007ж.),
«Әлем халықтарының эпосы – Жаңғар ұрпақтарының жерінде» атты ІІІ Халықарлық фестивальға ( Элиста, Қалмақстан, 2009ж.), Манасшылардың 1-халықаралық фестиваліне Телекөпір – Бішкек- Талас- Ош, 2013ж. қатысушы.
Мәдени шараларда, түрлі жиындарда көпшіліктің алдында, теле, радиодан Манас жырынан үзінділерді жиі айтады. Баянғали айтқан Манастың тараулары қазақ радиосының Алтын қорына , аудио,видеодискілерге жазылған.
7.Кино.
Баянғали Әлімжановтың бастамасымен 2006 жылы Астана-Көкшетауда Паң Нұрмағамбет киностудиясы ашылды. Оның идеясын қалтқысыз, құлшына
қолдаған белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Марат Нәбиев киностудияның құрылтайшысы және бас демеушісі болды. Содан бері Паң Нұрмағамбет киностудиясында «Ән мен анаша» 2006-2007ж., «Аран» 2010ж. , »Айхан» 2011ж. , «Асау толқын» 2012ж. атты толық метражды төрт көркем фильм,
«Ұлы даланың қырандары» сериясымен алты деректі фильм түсіріліп шығарылды.Т.Кәкішев, А.Нұрқатов, И.Сауэр, Т.Елубаев, Көкше өнерпаздары туралы. Бұл фильмдердің барлығының да сценарий авторы және қоюшы режиссері -- Паң Нұрмағамбет киностудиясының көркемдік жетекшісі Баянғали Әлімжанов. Киносценарийлерді қазақ және орыс тілдерінде жазады және субтитрлерді орыс тіліне өзі аударады.
Б.Әлімжанов «Аран», »Айхан», »Асау толқын» фильмдерінде басты рольдерде ойнаған.
Сонымен қатар ол «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Жыраулар»1983ж.Реж. Ораз Әбішев, «Палуан» 1984ж. Реж.Георгий Емельянов. , «Асылдың сынығы» 1985жыл, ақын,майдангер Көкен Шәкеев туралы. Реж. Данияр Айманов. деректі фильмдердің сценариін жазған.
Б.Әлімжановтың шығармалары орыс және қырғыз тілдеріне аударылған.
8.Әдеби сын, зерттеу мақалалары.
Баянғали Әлімжановтың әдеби сын және зерттеу мақалалары 1970-90 жылдары республикалық баспасөз бен «Уақыт және қаламгер»,»Жастар жастар туралы» сияқты жинақтарда жиі жарияланып тұрды.Әсіресе, оның көшпенділердің шешендік өнері мен Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» және Мұқағали Мақатаевтың «Реквием» жырлары жайындағы мақалалары кеңінен танымал болды. Сол жылдары ол журналист ретінде де белсенді еңбек етті. Қазір де Б.Әлімжанов БАҚ өкілдеріне әдебиет пен өнердің, қоғамның сан алуан мәселелері туралы қазақ және орыс тілдерінде жиі сұхбат беріп тұрады.
9.Мәдениет қайраткері.
Б.Әлімжанов өткен ғасырдың 80-жылдары республикалық телеарнадан қазіргі «Қазақстан» «Халық қазынасы» , «Бес ғасыр жырлайды» сияқты хабарларды жүргізіп, қазақтың жыршы-жыраулық өнерін насихаттаған. Ол қазақ тілі мерекесіне Астана , Кенесары ханның 200 жылдығына Көкшетау, 2002ж., Алпамыс батырға Астана, 2006ж., Қобыланды батырға Ақтөбе, 2008ж., Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 150 жылдығына Астана,2009ж., Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығына Ақтөбе обл. Темір ауданы, 2010ж. , т.б. арналған республикалық жыршы-жыраулар конкурстарын ұйымдастырушылардың бірі және жүргізушісі болды.
Баянғали Әлімжанов бір эпосты бірнеше жыршы, әр жастағы, әр мектептің өкілдері бірлесіп, бір-бірін қайталамай, жалғастыра жырлау идеясының авторы. Осы ретпен «Алпамыс батыр» жырын Астанада, Қызылордада бес жыршы семейлік Дүйсенғазы Нығметжанов, алматылық Ақан Әбдуәлиев, қызылордалық Майра Сәрсенбаева, ақтөбелік Перуза Нарман, қарағандылық Дидар Қамиев жүргізуші Баянғали Әлімжановтың басшылығымен түгел айтып шыққан. Осыған ұқсас, Ақтөбеде он шақты жыршы «Қобыланды батыр» жырын жырлаған.
10.Кітаптары.
Б.Әлімжанов отыздан астам кітаптың және ондаған ұжымдық жинақтардың авторы. Же ке кітаптары.
1. «Қиқыматтың хикаялары». »Жалын» баспасы, Алматы,1982ж.
2. «Ұя». »Жазушы» баспасы,Алматы,1985ж.
3. «Жынды Қаратайдың қасіреті». Омбы,2000ж.
4. «Ауылдың ақ самалы» . «Елорда»,Астана,2003ж.
5. «Алаш пен Манас.Қырық айтыс». Новосибирск,2004ж.
6. «Әзіл шуағы».Көкшетау,2004ж.
7. «Деген екен». Новосибирск,2005ж.
8. «Аңыз бен аспан». «Қазақ тарихы» ,Алматы,2010ж.
9. «Өмірдің өзі...» »Фолиант», Астана, 2012ж.
10. « Қиянатқа қарсылық» Үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 1072 бет. Астана, «Фолиант» , 2014ж.
11. «Мақалалар, сұхбаттар. Интервью, факты.» Көкшетау, «Келешек», 2014г.
12. « Қорасан қарақшының қолмергені» Поэма. Көкшетау, «Келешек» баспасы. 2014ж.
13 . «Дариға қыз» Трагедия. Көкшетау, «Келешек» , 2014ж.
14. «Разрешите жить!» Повесть. «Келешек», Көкшетау, 2015ж.
15. «Аблай хан и его батыры.» Повесть -легенда. «Фолиант», Астана, 2015ж.
16. «Ғарыш пен қазақ». Өлеңдер мен поэмалар. «Таймас», Алматы, 2015ж.
17. «Шыршадағы шытырман.» Балаларға арналған өлеңдер. «Таймас», Алматы, 2015ж.
18. «Деген екен». Астана, 2016ж.
19. « Мальчик , победивший Джалмауз». Сказки. «Келешек», Кокшетау, 2016г.
12 томдық шығармалар жинағы
20. Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің... Өлең, жырлар мен поэмалар. Шығармалары. 1-том. «Фолиант», Астана, 2015ж.
21. Театр терезесіндегі сәуле. Пьесалар. Шығармалары. 2-том. Фолиант, Астана. 2015ж.
22. Күлкімен көмкерілген ой. Әңгімелер мен повестер. Шығармалары, 3-том. Фолиант, Астана, 2015ж.
23. Қорасан қарақшының қолмергені. Өлеңдер мен поэмалар. Шығармалары,
4-том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
24. Жар мен жарғы. Пьесалар.Сахналық туындылар. Шығармалары, 5- том.
Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
25. Алаш пен Манас. Айтыс. Шығармалары, 6- том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
26. Деген екен. Толғаулар, арнаулар, айтыстардан шашулар.Деген екен.
Шығармалары, 7- том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
27. Жанай мен ай. Балаларға арналған өлеңдер, әңгімелер, пьесалар. Шығармалары, 8- том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
28. Ардагер. Әңгімелер, киноповестер. Шығармалары, 9- том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
29. Разрешите жить! Повести и рассказы. На русском языке. Шығармалары, 10- том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
30. Туған жер тұнған аңызым. Деректі дүниелер, естеліктер, лебіздер.
Шығармалары, 11- том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
31. Ізгі тілек іздері. Интервью, статьи , отзывы, факты. На казахском и русском языках.Шығармалары, 12- том. Келешек баспасы, Көкшетау, 2016 ж.
Антология, жинақтар.
1. Қазіргі айтыс. 2 томдық. Күлтегін, Астана. 2005ж.
2.Қазақтың жүз поэмасы. 6 томдық. Жазушы. Алматы.2013ж.
3.Қазақ өнерінің антологиясы. 25 томдық. Күлтегін. Астана. 2014ж.
4. Қазақ поэзиясының антологиясы. 10 томдық. Алматы. 2015ж.
11.Марапаттары.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 2006ж.
Қырғызстан Композиторлар одағы мен Мәдениет министрлігінің Абдылас Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты. 1995ж.
«Ерен еңбегі үшін медалі.» 2000ж.
Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы. 2012ж.
«Қызылорда облысына- 70 жыл медалі.» 2009ж.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. 1988ж.
« Мәдениеттің мықты қызметкері»- Төс белгі. Қырғызстан Мәдениет министрлігі. 2013 ж.
«Саяқбай манасшы» медалі. Халықаралық Саяқбай Қаралаев қоры. Бішкек, 2016ж.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан әдебиеті, энциклопедия,»Аруна» баспасы,Алматы,2010ж.
2.Қазақстан жазушылары, анықтамалық, «Анарыс» баспасы,Алматы,2009ж.
3.Ақмола облысы,энциклопедия,» Қазақ энциклопедиясы» баспасы,Алматы,2009ж.
4.Қазақша уикипедия, энциклопедия.
5.Қазақстан республикасында кімнің кім екені, энциклопедия, Алматы,2011ж.