Батур Аршитдинов 1926 жылы Алматы облысының Жаркент қаласында дүниеге келген.
1941–1944 және 1952–1954 жж. Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық республикасының орталығы Үрімші қаласында орта және жоғары оқу орындарын тамамдайды, 1958–1960 жж. ҚКП Пекин Жоғары партия мектебінде тағылым алады, 1966 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының тіл білімі институты құрамындағы ұйғыр бөлімінде әдебиет мамандығы бойынша аспирантурада сырттан оқыды.
1944–1949 жж. Шығыс Түркістанда белең алған ұлтазаттық қозғалысына белсене қатысады.
1954–1961 жж. ШҰАРдың Коммунистік Жастар одағының бірінші хатшысы, Демократиялық жастар ұйымының төрағасы бола жүріп, «Жас коммунист» журналының, «Синьцзян жастары» газетінің, «Синьцзян» жастар баспасының Бас редакторы міндетін қатар атқарады. Ол 1962–1989 жж. аралығында Қазақстан Ғылым академиясының ұйғыртану бөлімінде, кейіннен ұйғыртану институтында ғылыми қызметте болды.