Балтабай Адамбаев
Балтабай Адамбаев

Балтабай Адамбаев (1919–1990) - 24 қыркүйекте Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған. Сондағы мектеп-интернатта оқып, тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысы жылдары Ташкентте Фрунзе атындағы әскери академияның тактика және атыс жоғары курсын лейтенант атағымен бітірген ол Калинин майданында Төртінші гвардиялық атқыштар бригадасының құрамында ротаны басқарып, ұрыстарға қатысады. 1945–1947 жж. Жамбыл облыстық тұтынушылар қоғамында қызмет істейді. Жамбылдың Абай атындағы педагогика училищесін, 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Біраз жыл Жамбыл қаласындағы № 38 қазақ орта мектебінде ұстаздық еткен.


Филология ғылымының кандидаты Балтабай Әбдірахманұлы өмірінің ақырына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иниститутында ғылыми қызметкер болып істеген. Қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде халық даналығы – шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеумен шұғылданды. «Қазақ ертегілері» (1962), «Шешендік сөздер» (1967), «Ел аузынан» (1985) жинақтарын құрастырған.



Шығармалары: Сырларым. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959; Ақбөбек. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Шешендік сөздер. Монография. А., «Жазушы», 1967; Шешендік сөздер (Сырым сөздері негізінде). Монография. А., «Жазушы», 1969; Мәди. Тарихи повесть. А., «Қазақстан», 1969; Аманат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Халық даналығы. Мақалмәтелдер. А., «Мектеп», 1976; Жауынгер жолы. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1978; Тұлпардың ізімен. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1983; Қазақтың шешендік сөздері. Зерттеу. А., «Ғылым», 1984; Казахское народное ораторское искусство. А., «Ана тілі», 1994, 1997; Шешендік өнер. А., «Ғылым», 1999; Қазақ шешендері. А., «Республикалық баспа кабинеті», 2001; Қазақтың шешендік сөздері. А., «Ана тілі», 2006; Казахское народное ораторское искусство А., «Ана тілі», 2007.



TOP-АВТОР