Базарбек Түкібаев
Базарбек Түкібаев

Базарбек Түкібаев 1960 жылы 14 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған.

1979 жылы ҚазМУ-дің дайындық бөліміне түсіп, 1985 жылы осы университетті тамамдаған.

1985–1987 жылдары «Жаңа фильм» журналында аға редактор, 1987–1989 жж. С.Мұқанов музей-үйінде аға ғылыми қызметкер, 1989–1992 жж. Алматы облысы, Балқаш ауданында «Балқаш еңбеккері» газетінде редактордың орынбасары, 1992–1997 жж. «Жас қазақ» газетінің жауапты хатшысы, 1997–2002 жж. Қазақ радиосының Астана студиясында тілші, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарған. Қазір Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша тілшісі болып қызмет етеді.

«Айып етпеңіз», «Аудитория», «Кеш жарық» сияқты сатиралық жинақтарының авторы.
TOP-АВТОР