Ақберен Елгезек 1980 жылы 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы Шұбартау ауданы Мәдениет ауылында Е.Рахмадиев атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың және Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын қалам» қоғамдық сыйлығының иегері. «Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағының, "Болмаған балалық шақ" повесінің авторы. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын аударған. 2001 – 2003 ж ж. – Алматы қалалық Iшкi саясат департаментiнiң бас маманы. 2003 – 2004 ж ж. – ҚР Ұлттық инженерлiк академиясы Президентiнiң кеңесшiсi. 2004 – 2008 ж ж. – Алматы қаласының Ақпараттық-талдау орталығының директоры. 2009 ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi жастар ұйымдарымен жұмыс iстеу бөлiмiнiң бастығы. 2009 – 2010 жж. – ДҚҚ қарасты «Атажұрт» баспасының бас редакторы. 2010 – 2011 ж ж. – «Бөбек» ҰҒПСО-ның Адамды үйлесiмдi дамыту институтының директоры. 2011 ж. – «Бөбек» ҰҒПСО-ның Бас директоры мiндетiн атқарушы. 2012 ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның вице-президенті. ult.kz порталының негізін қалаушы. Қазір Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының бірінші орынбасары.