Нәзікен Алпамыс 1937 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарыбай ауылында дүниеге келген.
Қарғалы орта мектебін алтын медальмен, Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін қызыл дипломмен, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде көп жылдан бері жас мамандарды тәрбиелеумен айналысып келе жатқан ұстаз – доцент, еңбек ардагері.
«Қарлығаш» (1995), «Қыз ғұмыр – жыр ғұмыр» (2001), «Жыр арқауы – Махамбет» (2003), «Мәртебелі поэзия» (2005), «Жамбыл жырының жалғасы» (2006) жыр жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрді. «Шырағдан» (1995), «Күрең шетен» (2003), «Қия жол ғұмыр» (2009) өлең кітаптарының авторы. «Мадонны Турана» (орыс тілінде) жыр жинағына бір топ өлеңдері енген.
Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері (1996), ақындар мүшәйрасының екі дүркін (1991, 1993) жүлдегері. Халықарлық Абай қорының дипломанты (2001). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.