Александр Сергеевич Пушкин
Александр Сергеевич Пушкин

Александр Сергеевич Пушкин (6 маусымның 1799, Мәскеу, Ресей — 10 ақпанның 1837, Санкт-Петербор, Ресей) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы.

Александр Сергеевич Пушкин – орыстың ұлы ақыны. Оның өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, еркендетуіне мумкіндік берді. Пушкин сан алуан жанрлық түрлерді еркін меңгерді. Әр қилы лирика өлең, поэма, әңгіме, повесть, тарихи роман, өлеңмен жазылған роман, ұсақ та, кесек те драмалық шығарма - міне, осылардың қайсысын қолға алса да, ол үлкен көркемдік шеберлік танытты. Сол дәуірдегі орыс әдебиетінің Пушкин араласпаған, ол қол тигізбеген, үлкен ықпал жасамаған, елеулі із қалдырмаған бірде-бір саласы болған жоқ. Осынша қыруар еңбегін ол небәрі 20 жылдай уақыт ішінде атқарып шықты. 

А. С. Пушкин Орынбор, Жайық (Орал) қалаларында болған кезінде (1833) қазақтың лиро-эпостық жыры «Қозы-Көрпеш — Баян сұлуды» жаздырып алып, осы тақырыпта шығарма жазуды жоспарлады. Құран сүрелерін өлеңмен жырлады.

Қазақтардың 1773—1775 жылдары Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. Пушкин қазақ жерінде, Орынбор, Орал қалаларында болған кезінде қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Кіші жүздің ірі ақсүйектері — Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады, тіпті 1773 жылы 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін сұрайды. Нұралы, бір жағынан, Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай отырып, екінші жағынан, Орынборға көтеріліс қимылдары туралы хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық бойымен жоғары жылжиды. Форпост, қамалдар, соның ішінде Илецк қалашығы Пугачевқа ұрыссыз беріледі. Көтеріліс Қазақстанның солтүстік-батысын қамтып, өлкенің негізгі әкімшілік және әскери орталығы — Орынборды қоршауға тырысты. 1773 жылы 5 қазанда 2500 адам, 20 зеңбірекпен қамалды алуға ұмтылды. Оған башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде тама, табын, жағалбайлы руларынан шыққан қазақ қолдары Пугачев жасағына белсенді қолдау көрсетіп, орыс бекінісіне шабуыл жасайды. Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерді шабуылдауға қатысқан. Орта жүз руларынан келген топтар Орынборды қоршауға, Илецкіні алуға қатысты.1774 жылы Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан езінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете бастады. Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады. Тек 1774 жылы жазда осындай 240 шабуыл жасалынды. 1775 жылы қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ жайылымдарына жазалау жасағын жіберуін сұрап өтініш білдірді. 1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады.

Ол қазақ жігіттерінің Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне бел шеше қатысқанын білумен ғана тынған жоқ, сонымен қоса қазақ халқының бай сөз өнеріне құмарта қызығып, ауыз әдебиетінің, асыл нұсқаларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» дастанын жаздырып алды. Өмірінің соңғы көзінде жазылған белгілі «Ескерткіш» атты өлеңінде өз шығармаларын Ресейдің барлық халықтары оқитын болады дей келіп, осы өлеңнің қолжазба түрінде сақталған бір нұсқасында қазақ халқын да атап кетеді. Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша зер салып, өнеге еткендер Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев болғаны белгілі. Олар Пушкинді тек ақын ретінде қызықтаумен тынған жоқ, терең зерттеп ізденуіне тірек етті. Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ көзінде ете кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі - Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жақын тартуы тегін емес еді. Ол қазақ әдебиетінде өз дәуірінде бір кезде Пушкин орыс әдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қоғамы алдына қойған зор міндетті - жаңа реалистік әдебиетті қалыптастыру ісін Абай тиянақты атқарған болса, оған орыс әдебиетінің асқар алыбы Пушкиннің әдеби мұрасының демеуі тимей қалған жоқ. Тек осының өзі ғана Пушкин мұрасы, есімі қазақ әдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін айқын көрсетсе керек. Бұған қоса қазақ халқының Пушкингедеген ықыласының көрінісі ретінде «Евгений Онегинді» халық ақындары революциядан бұрын-ақ дастан етіп айтып жүргенін және «Капитан қызының» қазақ тіліне аударылып, 1903 ж. басылып шыққанын атап кеткен жөн. 20 ғ-дың бас көзіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Шәкерім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Мұхамеджан Сералин, Бекет Өтетілеуов П. шығармаларынан көп нәр алды. Қазіргі қазақ жазушыларының ішінде Пушкинді оқымайтыны, онан үйренбейтіні жоқ. Жыр алыбы қарт Жамбыл Пушкинге арнап өлең шығарып, ұлы ақынға құрметпен ишарат етіп, қазақ халқының сүйіспеншілік сезімін әсем жырмен жеткізген болатын. Қазақ әдебиетінің туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясында Пушкиннің өнерпаздығы, Абай арқылы бүкіл қазақ мәдениетіне тигізген игілікті ықпалы көркем бейнеленген. Мұның өзі Пушкин шығармалары, ұлы ақынның бейнесі Мұхтар Әуезовке де шабыт беріп, оны рухтандырғанын аңғартады. П. шығармаларын қазақ тіліне аударуда Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, I. Жансүгіров, Қ. Аманжолов, Т. Жароков, Ө. Тұрманжанов, Ә. Тәжібаев, Қ. Тоғызақов, Ғ. Орманов, Ә. Сәрсенбаев, Х. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, Ж. Молдағалиев сияқты көрнекті ақындарымыз елеулі еңбек сіңірді.


Қазақстанның көптеген қалаларында орыстың ұлы ақынына арналып ескерткіштер орнатылып, көшелер, мектептерге есімі берілді.

TOP-АВТОР