Айтақын Әбдіқалұлы 1947 жылы 10 қыркүйекте Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қайнар ауылында туған. 1966 жылы мектеп бітірген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1966 жылдан аудандық газетте, Алматы облыстық «Жетісу» газетінде, «Алатау» облыстық кәсіподақтар газетінде, Алматы теледидарында, облыстық әкімшілікте (тіл және ономастика саласы бойынша), облыстық «Қазақ тілі» қоғамында, «Қазақстан–1» теледидарында, республикалық «Заң» газетінде жауапты қызметтер атқарған.
«Балауса», «Бастау», «Ұшырайын құсымды», «Разбег», «Өміркеме» атты жыр жинақтарының авторы. Сондайақ ол «Мұқағали» деген атпен жарық көрген естелік кітабын, «Мұқағали дастан» зерттеу кітаптарын құрастырған.
М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты. Алматы облысы Райымбек ауданының Құрметті азаматы.