Айжан Жақсылық
Айжан Жақсылық

Айжан Жақсылық 1950 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Жаңатаң елді мекенінде туған. 1968 жылы Жарқамыс орта мектебін бітірген. Алматыдағы Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

Еңбек жолын 1968–1969 жылдары Жаңатаң бастауыш мектебінде ұстаздық қызметтен бастаған. 1975–1979 жылдар аралығында Жем, Жаңатаң орта мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1979 жылдан облыстық телекомпанияда редактор, 1985 жылы аға редактор, 1986–1996 жылдары Бас редактор болып қызмет еткен. 1996 жылдан бері осы телекомпания төрағасының орынбасары болып қызмет атқарады.

Оның «Оралу», «Табиғат пен жүрек» атты жинақтары жарық көрген.


TOP-АВТОР