Ажар ЕРБОЛҒАН – 1992 жылы 18 тамызда Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылында дүниеге келген. Облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Өлеңдері «Сөз сарасы», «Азаттық таңындағы азат жыр», «Сен менің еліме бар», «Азаттығым – ғажап күнім» атты жыр жинақтарына және «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясына енген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты.