Жүсіп Қыдыров
Жүсіп Қыдыров

  18 наурызда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Талап ауылында туған. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімшесін) бітіріп, баспасөз орындарында әр түрлі қызмет істеген. 1960–1966 жж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1966–1967 жж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының дубляж бөлімінде аға редактор, 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында «Жалын» баспасында аға редактор болды.

    Әдебиетке 60-жылдардың басынан бастап араласқан. Алғашқы бір топ өлеңі республика жас ақындарының «Жырға сапар» атты жинағында басылды. 1964 жылы «Тұңғыш кітап» атты алғашқы жинағы жарық көрді. «Таңғы сәт» (1966), «Жұлдыздарға жол» (1969), «Сәуір лебі» (1972), «Шынарым-шырайлым» (1974) толғау өлеңдері, «Гүлқайыр» (1976), «Жанартау – жүрек» (1978), «Жібек жел» (1981), «Мың бір түн» (1983), «Салтанатым, шеруім» (1985) атты таңдамалы өлеңдері мен поэмалары, «Үкілі домбыра» (1984) күй жинақтары жарық көрген. Шығыс поэзиясының жұлдыздары – Ә.Рудакидің, Ш.Хафиздің, И.К.Физулидің, сондай-ақ П.Б.Шелли мен А.Блоктың шығармаларын қазақ тіліне аударған.

       «Мың бір күн» өлеңдер жинағы үшін 1984 жылы (қайтыс болғаннан кейін) Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.

TOP-АВТОР