Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде жоғарғы оқу орнын және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде магистрлік оқуды тәмәмдаған. Бірнеше республикалық, облыстықтық ақындар айтысы мен жыр мүшәйраларының жүлдегері.
2022 жылы «Тәтті мұң» атты кітабы жарық көрген. Кітапта әңгімелер мен өлеңдері, кюар кодтар арқылы әндері берілген. Бұл кітап 2023 жылы Брайл қарпімен және аудио жазба түрінде жарық көрді.
Сондай-ақ, анимциялық фильмдерге сценраий жазумен айналысады. Қазіргі таңда «Тұлым», «Бозторғай», «Суындар», «Екі лақ», «Супер қарлығаш» сияқты мультфильмдері Балапан арнасында көрсетіліп жүр. Ол бірнеше жинақтар мен шығармашылық еңбектерге құрастырушылық, редакторлық жұмыстар жасаған. Сазгерлік пен сөзгерлікті ұштастырып, 20-дан аса авторлық әндерін жазған. Мұхаммед-Қанапияның кейбір әндерін елімізге танымал әншілер, өз репертуарына қосқан.