Жұбаева Құндыз Естерекқызы 1992 жылдың 29-желтоқсанында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Кемерши ауылында дүниеге келген. 2014 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің филология факультетін тәмәмдаған. Студенттік жылдарында «Бәйшешек» Алматы қалалық жас әдебиетшілер бірлестігіне мүше болды. «Сағыныш хаттары» кітабының авторы. Өлеңдері республикалық басылым беттерінде жиі жарияланып, «Бәйшешек», «Жауқазын жылда гүлдейді» жас ақындар жинағына енген.