Назерке Түсіпбекова
Назерке Түсіпбекова

Назерке Рымбекқызы – 1990 жылы 5 тамызда Қарағанды қаласы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Қарағанды қаласындағы № 2 Н.Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі. Қарағанды гуманитарлық колледжінің түлегі. 2011 жылы «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты облыстық жинаққа, 2012 жылы Республикалық әдеби-қоғамдық «Қасым» журналына өлеңдері шықты. 2012 жылы шығармашыл жастардың ХV Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломаты. 2013 жылы «Дала дарыны» атты сериямен жарық көрген «Сарыарқа сазы» атты жас ақындардың жыр жинағына өлеңдері енді. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі. 2013 жылы өткен Тұрсын Жұмаш атындағы алғашқы «Қырандар ғана ұшатын биік бар» атты жас ақындар мүшайрасында І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Қасым» Республикалық әдеби-қоғамдық журналының қызметкері болған.

Кейінгі жылдары "Сарыарқа сазы" Қарағанды облысы жас ақындардың жинағына, "Өр үмітті жастар" кітабына, "Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдықтың қазіргі жастар поязияына өлеңдері енді. "Жыр маржаны". Он томдық қазақ поэзиясының антологиясының 10 томына, Бір бақыт сыйлап кетті келді де күз. "Шекарашы" журналы "Томирис" айдарына, "Сарқан" Ауданының қоғамдық-саяси апталық газетіне өлеңдері жарияланды.  2018 жылы 26 маусым күні, Талдықорған қаласында Елордамыз Астананың 20 жылдығына арналған «Әлем таныған Астана» тақырыбында ақындар мүшайрасына қатысып алғыс хатпен марапатталды. 2018 жылы Сарқан ауданында өткен "ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2018" Аудан әкімінінің жастар сыйлығының "Жас өнерпаз" номинациясының иегері атанды. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Ақжар ауылының тұрғыны.

TOP-АВТОР