Нұрлан ҚАЛҚА
Нұрлан ҚАЛҚА

 

Нұрлан Нұрахметұлы ҚАЛҚА

Ақын, публицист, журналист.

Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетiн бітірген.

Қазақстан Журналистер Одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының,  Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың, «Қазақ үні» газетінің қарымды қаламгерлерге арналған «Қаламдоз» сыйлығының лауреаты.

«Ерен еңбегі үшін», Жоғарғы Соттың «Мінсіз қызметі үшін», «Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов» және бірнеше мерекелік медальмен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

ҚР Мәдениет және ақпарт министрлігінің «Астана-Бәйтерек» әдеби конкурсында «Поэзия» номинациясы бойынша 1-орын иеленген.

Алматы облысы «Райымбек ауданының Құрметті азаматы».

«Жетiсу» газетiнде тiлшi, «Жас Алаш» газетiнде тiлшi, бөлiм редакторы, редакция алқасының мүшесi болған. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігінде, Премьер-Министрдiң және Президенттің Баспасөз қызметтерінде қызмет атқарған.

Қазір Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі.

Ақынның «Аққу-жүрек», «Жыл - он екі ай», «Отыз бесінші шілде», «Мизам шуақ» атты жыр кітаптары, «Ұлттық журналистиканың саңлағы» зерттеулер, «Әке, сені сағындым» атты әңгімелер жинақтары жарық көрген.

Шығармалары «Қазақстан жас ақындарының антологиясы», «Қос iшек», «Арман қанатында», «Жарты ғасырдың алтын қоры», «Балалар бағының бағбандары», «Жыр маржаны», «Тәтті алма», «Бәсіре», «Азаттығым – ғажап күнім», т.б. ұжымдық жинақтарға, «Қазақ тілі: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулыққа» енген.

Шығармалары (ертегілері) моңғол, орыс, беларусь тілдеріне тәржімаланған.

TOP-АВТОР