Ұлықбек Есдәулет
Ұлықбек Есдәулет

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет -

1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген.

Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.

Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған ), зейнеткер, филолог-тіл маманы.

 

  • 1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры.
  • 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі.
  • 1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы).
  • 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы.
  • 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі.
  • 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
  • 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы.
  • 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі.
  • 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі.
  • 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі.
  • 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.
  • 2008 жылдан - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
  • 2018 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы.



Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/955

 

 

Шығармалары

  • «Қанат қақты» (1974)
  • "Көздеріңе ғашықпын" (1974)
  • «Жұлдыз жарығы» (1977)
  • «Аптайдың алтынтамыры» (1979)
  • «Ұлыстың ұлы күні» (1982)
  • «Ақ керуен» (1985)
  • «Жаратылыс» (1989)
  • «Жүректегі жарылыстар» (1995)
  • «Алтай асулары» (1988)
  • «Заман-ай» (1999)
  • «Киіз кітап» (2001) кітаптарының;
  • «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003);
  • қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006)
  • «Ынтық зар» (2009)
  • «Әбілхаят» (2009) авторы.
  • «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы

Марапаттары

  • 1976 жылы «Жігер» шығармашыл жастар байқауының жеңілімпазы;
  • 1982 жылы «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған.
  • 1986 жылы «Ақ керуен» кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды;
  • 1995 жылы Түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының лауреаты;
  • 2000 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
  • 2001 жылы «Құрмет ордені» нің иегері.
  • 2002 жылы «Киіз кітап» жинағы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;
  • 2004 жылдан Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (ғылыми атағы);
  • 2005 жылы * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі;
  • 2007 жылы Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері.
  • 2007 жылдан М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (ғылыми атағы);
  • Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі.
  • Қазақстан журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.
  • 2013 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.
  • Қоғамдық қызметі

    • Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
    • Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
    • Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
    • Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі.
    • «Ақбар» бильярд клубының мүшесі.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/955

TOP-АВТОР