Ибрагим Иса
Ибрагим Иса

Ибрагим Исаев 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Жетікөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық творчествосы үйінде нұсқаушыметодист, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілшіәдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахнасцена» журналында бас редактор, «Сақшы – На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған.

Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Әнаға» атты ән альбомы шыққан. Коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған. Шығармалары: Алтын сырға. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Таң алдындағы ән. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976; Тербеледі қайыңдар. Өлеңдер мен баллада. А., «Жалын», 1981; Жанымның жарығы. Өлеңдер мен баллада. А., «Жазушы», 1983.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/861

TOP-АВТОР